Бас жаңалықтар
Биыл Мақтааралдың 60 көшесі күрделі жөндеуден өтті
19 Қыркүйек 2020, 07:16 116

Биыл Мақтааралдың 60 көшесі күрделі жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ. Жалпы Мақтаарал ауданында 569 шақырымды құрайтын 600-ден астам көше бар. Жол жөндеу жұмыстарына 2020 жылғы бюджеттен 1 млрд 600 мың теңгеден астам қаржы бөлініп, 94 көшеге тас төсеу жұмыстары, 75 көшені асфальттау жоспарланған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қазіргі таңда 75 көшенің 60-ында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарда болған көшелерді жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін 100 пайызға аяқталады.

Ал 2019 жылы 69 шақырымды құрайтын көшеге асфальт төселген. Қазіргі таңда 90-нан астам көшеге тас төселіп үлгерген.

Ал, 2021 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға 100-ден астам көше де толық жаңартылмақ.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...