Биыл Қызылорда облысында 666 жоба несиелендірілді

20 Мамыр 2021, 03:33
3690
Бөлісу:
Биыл Қызылорда облысында 666 жоба несиелендірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 666 жобасы несиелендірілді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Несие портфелі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге ұлғайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

Аймақта 528 жоба екінші деңгейлі банктердің «скоринг» бағдарламасы арқылы мақұлданды. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі пандемия кезеңінде аса зардап шеккен бөлшек сауда, жолаушылар тасымалы, қоғамдық тамақтану және шағын қызмет саласында жұмыс жасайтын микро кәсіпкерлік субъектілерінің үлесінде. Сондай-ақ, өткен аптада Бақылау кеңесінің отырысында ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды, – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Биыл облыстық бюджеттен шамамен 30 жобаны қайтарымсыз грант арқылы қаржыландыру жоспарлануда. Бұдан өзге, қаржы ұйымдары арқылы жыл басынан бері 41 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді. Айта кету қажет, өңірде соңғы бес жылдықта шағын және орта бизнес өнімі 13,5%-дан 17,8%-ға дейін ұлғайған.

Өзгелердің жаңалығы