Биыл интернет-алаяқтық бойынша 12 мыңға жуық іс тіркелді – Ораз

14 Желтоқсан 2020, 11:29
3488
Бөлісу:
Биыл интернет-алаяқтық бойынша 12 мыңға жуық іс тіркелді – Ораз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі онлайн брифингінде айтты. 

Технологияның дамуына байланысты азаматтарды алдаудың әдістері мен саны өсіп жатыр. Зиянкестер азаматтар орналастырған хабарландыруға қоңырау шалып немесе хабарлама жолдап, тауарды сатып алуға мүдделі екенін айтады. Сатушының банк картасына кепіл зат алуға ұсынады. Алаяқтар сатушыға фишинг сілтемесін жіберіп, оны толтыруды сұрайды. Фишинг арқылы жәбірленушілердің банк карталары туралы ақпаратты алған соң, олардың банк шоттарынан ақша аударады, - деді ол. 

Оның айтуынша, биылғы 11 айда интернет-алаяқтыққа қатысты 12 мыңға жуық іс тіркелген. 

Олардың 5 мыңға жуығы алаяқтардың интернет сауда алаңдары мен сайттарында орналастырылған. Істер хабарландыру бойынша жоқ тауарлар мен қызметтер үшін толық не ішінара төлем жасау деректері бойынша қозғалды. 2700-ге жуық алаяқтық онлайн несие рәсімдеуге қатысты тіркелді. 1500-ден астам алаяқтық азаматтардың жеке деректері мен шоттарынан мобильді банк арқылы ақша ұрлауға қатысты болып отыр, - деді Нұрділда Ораз. 

Ресми өкіл азаматтарды интернет арқылы төлем жасауда өте мұқият болып, жеке деректерді ешкімге айтпауға шақырды. 

Банктер мен төлем жүйелері ешқашан хат жібермейді. Шот-деректерді сұратпайды. Банк карталарын қараусыз қалдырмаңыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы