Бас жаңалықтар
Биыл Ақтөбе облысындағы 18 ауылға газ тартылады
20 Маусым 2019, 19:54 263

Биыл Ақтөбе облысындағы 18 ауылға газ тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы 88,5% газбен қамтылған. Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

«Облыстағы 700-ден астам тұрғын газ пайдаланып отыр. Республика бойынша бесінші орында келеміз. Биыл 18 ауылды газдандыру жұмысы жүреді. Тағы 7 мыңнан астам адам көгілдір отырды пайдалана алады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір тұрғындарының 94,5 пайызы орталықтандырылған ауыз суды пайдаланып отыр. Осы жылы 17 жобаны іске асыруға 2,8 миллиард теңге бөлінді. Тағы 4 мың ақтөбелік сапалы ауыз суды қолдана алады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық