Бас жаңалықтар
Биыл 6 мың шақырым автожол жөнделеді
19 Қаңтар 2021, 13:42 250

Биыл 6 мың шақырым автожол жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында алдағы құрылыс маусымындағы жұмыстар республикалық және жергілікті маңызы бар жолдың 6 мың шақырымын қамтитын болады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.          

Осылайша, құрылыс және реконструкция республикалық маңызы бар жолдардың 4,7 мың шақырымында жүргізілмек. Бұдан бөлек, жергілікті автожолдар желісінің 1,3 мың шақырымы жол жөндеу жұмыстарының барлық түрімен қамтылып, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 76%-ды құрамақ.

Сондай-ақ, 2021 жылдың бірінші тоқсанында ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын ақылы жол учаскелерін тестілік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Ал биылғы жылдың екінші тоқсанында толықтай іске қосылуы тиіс, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 2021 жылдың соңына дейін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 66%-ын Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру көзделіп отыр.Бұдан бөлек, реконструкция аясында 40 санитарлық-гигиеналық торапты орнату және күтіп ұстау жоспарлануда. Жеке инвестициялар есебінен СГТ бар 33 жанармай бекеті және 15 санитарлық-гигиеналық торап тұрғызылмақ. 

Сондай-ақ, келісім аясында жыл соңына дейін «Compass»заманауи автожолдар кешенінің 4 бірлігі салынады.

 


 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...