Қолдану уақыты біткен қаруды пайдалану мерзімі ұзартылды

15 Мамыр 2020, 22:41
1627
Бөлісу:
Қолдану уақыты біткен қаруды пайдалану мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтауға және алып жүруге мерзімді 10 шілдеге дейін ұзартуға болады.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Жоғарыда көрсетілген күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады. Бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты. Электрондық цифрлық қолтаңбамен “E-gov” электрондық үкіметтің порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы