Біртанов жарақат алған қорықшыға қатысты пікір білдірді

25 Шілде 2019, 13:47
1899
Бөлісу:
Біртанов жарақат алған қорықшыға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Браконьерлердің қолынан жарақаттанған "Охотзоопром" инспекторы Көкшетаудағы ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов айтты.

"Жарақат алған инспектордың жағдайы бірінші сағаттан бастап менің бақылауымда. Бас дәрігер күн сайын оның денсаулық жағдайы туралы маған хабарлап тұрады. Бүгінгі таңда оның жағдайы орташа және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Көкшетаудағы қалалық ауруханада толық ем алып жатыр", - деді Елжан Біртанов.

Бұған дейін хабарлағандай, Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалды. Браконьерлер инспекторларға оқ атып, салдарынан біреуі қаза болды, екіншісі ауыр жарақат алды. Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды. 

Бүгінде қорықшыларға оқ атқан браконьерлер қамауға алынған. 


Өзгелердің жаңалығы