Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды

23 Шілде 2019, 16:35
2592
Бөлісу:
Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Охотзоопромның" қаза тапқан 43 жастағы инспекторының аты-жөні Қаныш Нұртазинов. Оның артында төрт баласы қалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұртазинов Қаныш Серікұлы 24 қаңтар 1976 жылы дүниеге келген. Ол "Охотзоопром" ӨБ РМҚК Орталық өңірлік филиалына 2016 жылы 5 қаңтар күні  жұмысқа тұрған. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалды. Үш қыз және 2011 жылғы ұл. Қаныш Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрған. 

Қазіргі уақытта оның денесін туған жерге жеткізу шаралары қарастырылып жатыр. Жарақаттанған Самат Оспановқа Державинск қаласындағы аудандық ауруханада ота жасалып жатыр. Оған санавиация шақырылған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалды

Өзгелердің жаңалығы