Бас жаңалықтар
Бірқатар Елші тағайындалды
18 Наурыз 2019, 12:18 764

Бірқатар Елші тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Загрузка...

Сізден жаңалық