Бір аптада қандай қылмыстар жасалды?

1 Наурыз 2021, 11:40
2045
Бөлісу:
Бір аптада қандай қылмыстар жасалды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділда Ораз брифинг барысында айтты. Ол елдегі криминогендік жағдай туралы айтып берді. 

Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайын. Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2070-і тəулік ішінде ашылды.Полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіруді, 2 өлімге əкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 11 қарақшылық, 32 тонау жəне 458 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол. 

Сонымен қатар Нұрділда Ораз Қарағанды академиясында полицейлерді патриоттық-отансүйгіштік рухқа тəрбиелейтін курстар басталғанын айтты.

Қатысушылар Академияның оқу-саптық бөлімшелерінің офицерлері, олар курсанттар үшін тəлімгер болады. Жиындарда тыңдаушылар идеологиялық жұмыстың заманауи əдістерін зерделейді, полицейлердің кəсіби деформациясы мəселелерін жəне оны шешу жолдарын талқылайды, жастарға патриоттық тəрбие беру əдіснамасын қарайды, - дейді Ораз. 

Оның айтуынша, оқытудың бұл форматы офицерлерге ұжымды басқару саласындағы заманауи құралдарды игеруге жəне іс жүзінде қолдануға, тəрбие процесінің менеджменті, адами қатынастар психологиясы мен конфликтология туралы білімдерін нығайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы