Бас жаңалықтар
Білімі бар бала ғана оқуға түсу керек – Аймағамбетов
13 Тамыз 2019, 13:02 920

Білімі бар бала ғана оқуға түсу керек – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғаш рет магистратураға түсу үшін ашық негізде тестілеу өткізу арқылы қаншама келеңсіз жағдайлар анықталғанын айтты. 

«Биыл алғаш рет магистратураға түсу механизмі, форматы өзгерді. Жыл сайын әр ЖОО өздері, тест болса тест, сұрақ болса сұрақты дайындап, өздері іріктеу өткізді. Грант беру шешімін қабылдады. Бұл жерде қоғам тарапынан өте көп сұрақтар болды. Жылда өтініштер мен шағымдар көп түстін. Былтыр заңға тиісті өзгертулер енгізілді. Сол өзгерістерге сәйкес ашықтық пен әділдік болуы үшін ҰБТ секілді бір ғана кешенді тестілеу өткізіп, нәтижесінде балалар өздері грантты жеңіп алып, қалаған университетіне баратындай жағдай жасап отырмыз», - деді Аймағамбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол Білім және ғылым министрлігінің биыл ашықтықты жария етуді қолға алып отырғанын айтты. 

«Тестілеу өтіп жатқан барлық ұйымға трансляция қойдық. Мониторингтік топтар, «Адал білім» деген жобалық кеңсе, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам, журналистерді қосып, ашық негізде тестілеу өткізіп, енді ғана қаншама келеңсіз жағдайлардың барын көріп жатырмыз. Осындай жағдайды болғызбау министрліктің ұстанымы. Шын мәнінде білімі бар бала ғана оқуға түсуі керек. Білімі жоқ балалардың әртүрлі айлаларын, заттарды қолданып оқуға түсуі – әділ емес. Біздің мақсатымыз осы. Осы мақсатта форматты қолға алып, енгізіп жатырмыз. Білімі бар балалар биыл оқуға түсуі тиіс. Келеңсіз заттар барын өзіміз анықтап, құзыретті органдарға беріп жатырмыз», - деді министр.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық