Қазақстандағы білім және ғылым саласын цифрландыру қажет – министр

15 Сәуір 2020, 20:20
2498
Бөлісу:
Қазақстандағы білім және ғылым саласын цифрландыру қажет – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім және ғылым салаларын цифрландыру мәселесі бойынша онлайн конференцияда сөз қозғады.

Қазіргі таңда білім және ғылым салаларын цифрландыру мәселесін қозғап отырмыз. Оған барлық басқарма, мемлекеттік қызмет көрсету түрлері және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда арнайы жұмыс тобын ашпақшымыз. Әр түрлі бағытта жұмыс жасайтын мамандарды іске қосып жұмысымызды бастамақшымыз, - деді министр. 
Сонымен қатар, ұстаздардың жалақысын көтерудегі туындаған мәселелер жөнінде де айтты. 
Жақын арада біз педагогтердің жалақысын өсірген кезде де бірқатар келеңсіз жайттар орын алған еді. Біз барлығымыз бірлесе отырып, хабарламаларға жауап беріп отырдық. Кімге төленді, кімге төленбеді соның барлығын қарап отырдық. Осыған сәйкес барлық  есепшілердің жұмысын және осы есепке қатысты барлық мамандардың жұмысын цифрландыру керекпіз, - деді спикер. 
Әр оқу жылы басталған сайын оқулық жетіспеушілік мәселесі туындайды. Осындай жағдайлар туындамас үшін барлық кітаптар электронды түрге көшірілу керектігін атап өтті. 
Сонымен қатар, қазіргі кезде электронды оқулықтар жоқтың қасы деп айтуға болады. Осы біздегі маңызды мәселелердің бірі. Мектептерде, әсіресе, осы электронды оқулық мәселесін қолға алғанымыз жөн. Қазір қашықтан білім беру кезінде алдық та барлығын электронды түрде жасап тастадық. Күнделікті кітаптарды алды да көшірме жасап коя салды. Бұл дұрыс емес. Осыған байланысты алдағы уақытта кітап баспаларына арнайы электронды оқулықтар шығаруды жүктеймін. Бір екі баспа мұндай кітаптар шығарды. Барлығы талаптарға сай деп ойлаймын. Алайда, бұл жеткіліксіз, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы