Білім гранты иегерлерінің тізімі

1 Тамыз 2019, 09:03
18702
Бөлісу:
Білім гранты иегерлерінің тізімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі №341 бұйрығына сәйкес білім беру гранттары иегерлерінің тізімін ұсынады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 341 бұйрығына сәйкес білім беру гранттары иегерлерінің тізімін ұсынады. Бұл туралы egemen.kz жазды. 

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі төмендегідей тәртіп бойынша орналасады:

  1. Қазақ бөлімі
  2. Ағылшын бөлімі
  • Орыс бөлімі

Білім беру гранты иегерлері тізімінің тіл бөлімдері бойынша орналасу реті төмендегідей:

  • Күндізгі толық оқу:
  • жалпы конкурс;
  • «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша жоғары оқу орындарында оқуға арналған квота;
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша жоғары оқу орындарында оқуға арналған квота.
  • Күндізгі қысқартылған оқу:
  • жалпы конкурс;
  • Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • I және II топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар үшін бөлінген квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы шеңберінде студенттерді оқыту үшін квотамен түскен білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Қазақстан-Британ техникалық университетіне бөлінген білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне бөлінген білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Astana IT University бөлінген білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Москва авиация институты «Восход» филиалына бөлінген білім беру гранты иегерлерінің тізімі.
  • Жоғары оқу орындарының анықтамалығы.

Балдары тең болған жағдайда ескерілетін басым құқық бойынша ескерту:

АБ – "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар;

ТжКБ –техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

ҒЖ – өздерi таңдаған білім беру бағдарламалары топтары конкурстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылындағы республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңiмпаздары;

ОЖ – өздерi таңдаған білім беру бағдарламалары топтары олимпиадалардың пәнiне сәйкес келген жағдайда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар жеңiмпаздары;

СЖ – өздерi таңдаған білім беру бағдарламалары топтары спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары;

Мүгедек – бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, бала күнінен мүгедек, мүгедек-балалар;

Жетім – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар;

Әск. – жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

Үздік – үздік.

Жүктеп алу және онлайн қарау:

https://yadi.sk/d/tXVQnapBskcfhA

https://cloud.mail.ru/public/2ADx/4Dybufsew

Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан біле аласыздар. 

Сілтеме: https://res.testcenter.kz/#/login/2019/35

Өзгелердің жаңалығы