Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленді – ІІМ

17 Мамыр 2021, 11:28
3167
Бөлісу:
Білім беру нысандарына алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленді – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

Балалардың денсаулығы мемлекеттің басты назарында. Жақында Ресейдің Қазан қаласында болған қайғылы оқиға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудартып отыр. Министрлік Білім министрлігімен бірігіп, мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде 2019 жылы ұйымдастыру және құқықтық бойынша кешендік шаралар бекітілді, - деді ол.

Баймұқашев атағандай, әкімдіктер мектептер мен балабақшалардың камерамен қамтамасыз етілуін тексерді.

Қазір бейнебақылау камераларының санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Білім беру нысандары күзету мекемелерімен келісімшартты 11 өңір орнатты. Бақылау-өткізу жүйесі енгізіледі. Оған турникеттер мен электрондық рұқсат беру жүйелері кіреді. Атап айтқанда, 1 мыңнан астам мектепте орталықтандырылған бақылау пульттері орнатылды, - деді ол.

Ол атағандай, 333 мектеп турникеттермен жабдықталған.

Тыйым салынған заттардың қатарына қару-жарақ, пышақтар, слингтер, кастеттер сынды заттар кіреді. Сондай-ақ жарылғыш құрылғылардың имитаторларына, аэрозоль бояуларына, пиротехникалық құралдарға және газ баллондарына тыйым салынады. Жыл басында министрлік Білім министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін әзірледі. Тиісті бұйрық тіркелген. Қазір ол Әділет министрлігінде, осы айда ол заңды күшіне енеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы