Барлығы біледі: Атамқұлов жолаушылар вагонының жетіспеушілігін қалай шешпек?

21 Сәуір 2020, 11:51
1783
Бөлісу:
Барлығы біледі: Атамқұлов жолаушылар вагонының жетіспеушілігін қалай шешпек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жаңадан 50 жолаушылар вагоны сатып алынады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

2025 жылға қарай магистральді теміржол желісінің тозуын 49%-ға, ал локомотивтерді 58%-ға төмендету жоспарланып отыр. Жолаушылар вагондарының жетіспейтінін барлығы біледі. Сондықтан алты жыл ішінде 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Биыл 50 вагон сатып алынады, бюджеттік несиеге 20 миллиард теңге бөлінді, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Бұл ретте жылжымалы паркті жаңартуға 657 миллиард теңге тарту жоспарланған, оның ішінде 455 миллиард теңгесі жеке инвестиция екен. 

Ол сонымен қатар, автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 33 пункт салынатынын айтты. 

Министрлік отандық автомобиль тасымалдаушыларының халықаралық нарықтағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жылы жолаушылар тасымалы былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға, жүк айналымы 1,5%-ға артады деп жоспарланып отыр, - дейді министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, министр Үкімет отырысында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы