Шетелдегі қандастардың ұлттық бірегейлігін сақтап қалу керек – "Отандастар" қоры

28 Қараша 2019, 11:08
2689
Бөлісу:
Шетелдегі қандастардың ұлттық бірегейлігін сақтап қалу керек – "Отандастар"  қоры
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ тілшісі. Елордада шеттен келген қандастардың қатысуымен өтіп жатқан халықаралық дөңгелек үстелде "Отандастар"  қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов баяндама жасады.


Оның сөзіне қарағанда ендігі басты міндет - шет елдердегі қандастар туралы жинақталған мәліметтерді жүйелеп, қосымша зерттеулер жүргізіп, ғылыми негізде тұжырымдау. 
Біріншіден, шетелдегі қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтап қалуға, қазақ тілін үйренуге, олардың мәдени-гуманитарлық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған тетіктерді анықтау керек. Екіншіден, репатриацияның экономикалық дамуын, нарықтық қатынастардың сапалық денгейінің артуын, еңбек ресурстарының ұлғаюын, елімізде демографиялық ахуалдың оңалуын, депопуляция үдерістерін тоқтатуды, адам ресурстарына бәсекелестікті арттыруды көздеген мемлекеттің кешенді ұстанымын белгілеуіміз абзал, - дейді ол. 

Сонымен қатар, осы жұмыстың нәтижесінде - еліміздің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, миграциялық мүмкіндіктеріне сай шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшіру, елге келген репатрианттарды бейімдеу, баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету, қандастарымызды қолдау тетіктері бойынша кешенді мемлекеттік саясаты қалыптасады.
Өзгелердің жаңалығы