Колледж мұғалімдерінің жалақысы артып, үстемақы төленеді 

28 Қараша 2019, 11:07
8607
Бөлісу:
Колледж мұғалімдерінің жалақысы артып, үстемақы төленеді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Колледж директорлары, олардың орынбасарлары мен әдіскерлері, педагогтарының жалақысы еке есе артады. Бұл "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында көзделген. 

Білім және ғылым министрі Қазақстанның магистр атағы бар ұстаздар саны бойынша басқа елдермен салыстырғанда соңғы орында екенін айтты. 
Магистр дәрежесі бар тұлғалар мектепке келіп жұмыс істейтін болса оларға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделіп отыр. Колледж мұғалімдерінің категорияларына үстемақы төлеу мәселесін 10 жыл бойы көтеріп жүр. Колледж директорларының, олардың орынбасарлары мен әдіскерлердің де жалақысы төмен. Біліктілігіне сәйкес үстемақы алып отырған жоқ. Заң жобасында осы әріптестеріміз басқа да ұстаздарымыз секілді еңбекақысын екі есе көтеру нормасына еніп отыр. Екіншіден, өз санаттарына сәйкес 30-дан 55%-ға дейін үстемақы алады. Материалдық ынталандырулар қаржымен толық қамтамасыз етілді, - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министр осы нормаларды жүзеге асыру үшін бес жылға 5,3 трлн теңге берілетінін айтты. 
Заң жобасы мұғалімнің мәртебесін арттыру мәселесін ғана емес, білім саласының сапасын көтеру мәселесін де шешеді деп санаймыз, - деп сөзін түйіндеді білім және ғылым министрі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Осыған дейін министр мұғалімдердің жалақысы төрт жылда екі есе өсетіні туралы айтты. Мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын берілетіні туралы да айтылды. Қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі көп екені де назарға алынды.



Өзгелердің жаңалығы