Бес баланың өлімі: Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін

6 Ақпан 2019, 12:29
2899
Бөлісу:
Бес баланың өлімі: Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы пәтерлердің саны артуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Брифингте «Астана» телеарнасының журналисі елордада болған қайғылы оқиғаға қатысты сұрақ қойды.

«Бес баланың өмірін жалмаған өрттің себебі неде? Жеке пікіріңізді білдірсеңіз», - деді ол.

Министр аталған сауалға толық жауап берген жоқ. Алайда ол алдағы уақытта үкімет көпбалалы отбасылар үшін жалдамалы пәтерлерді көптеп салу мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.

«Өте қиын сұрақ. «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Осындай отбасыларға (көпбалалы – автор) көмек беріп, көпбалалы отбасыларға аталған бағдарлама арқылы пәтер беру керек. Сондықтан биыл аренда арқылы беретін пәтерлерді салу үшін қаржының көлемін арттырып жатырмыз. Бұрын осы салаға 25 млрд теңге болса, биыл әкімдіктерге 35 млрд теңге бөлінбек. Нәтижесінде жалға берілетін 4 мың пәтер салынады. Оның ішінде осындай отбасылар да (көпбалалы – автор) бар», - деді Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда ведомство басшысы әкімшіліктермен ақылдасып, көп балалы отбасыларға берілетін пәтерлердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

«Бүгін сағат 12-де Ерболат Досаев мырзамен (ҚР премьер-мининстрінің орынбасары – автор) аталған мәселеге қатысты үлкен жиналыс өтеді. Біз осындай отбасыларға (көпбалалы – автор) қосымша пәтер  салу үшін  қаражат іздеп жатырмыз. Осындай жылына 700 пәтер салынатын болса, олардың санын 2-3 есе көбейту керек. Мұндай ұсыныс біздің министрліктен болады», - деді министр.

Сөз соңында Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» бағдарламасына да өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтып қалды.

«Нұрлы жер» бағдарламасына арнайы тарауды енгізіду қарастырып отырмыз. Бұл тек қана осындай отбасыларға (көпбалалы – автор) көмек беру үшін жасалады. Үкіметке осындай жұмыстар жасаймыз», - деді ол.

Айта кетейік, кеше ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің неден шыққанын, Елбасы 
мен Үкімет басшысы 5 баласынан айырылған отбасыға көңіл айтқанын жазғанбыз.
Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы