Бас жаңалықтар
Берік Әбдіғалиұлы: Халық Тоқаевқа үмітпен қарап отыр
24 Сәуiр 2019, 15:06 603

Берік Әбдіғалиұлы: Халық Тоқаевқа үмітпен қарап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы BAQ.KZ тілшісінің «Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауында жеңіске жеткен жағдайда елде қандай өзгерістер болуы мүмкін?», деген сұрағына қатысты өз пікірін білдірді.

«Қасым Жомарт Тоқаев алдағы сайлауда жеңіске жеткен күннің өзінде саяси жағдайларда бүгінгі күнмен сабақтастық болады. Бұған дейін ҚР Тұңғыш президенті, Қауіпсіздік Кеңесі, «Nur Otan» партиясы нақтылаған саясатты жүзгізеді. Дегенмен де, Тоқаев басқа буынның өкілі. Оның жұмыс жасау тәсілі басқаша болады. Бұл қазірдің өзінде анық байқалып отыр. Мәселен, әлеуметтік желіде халықтың арасындағы өзекті мәселелерге өз ойын білдіруінің өзінен жанашырлық байқалады», - дейді саясаттанушы.

Сондай ақ, саясаттанушының пікірінше Тоқаев Үкімет пен жергілікті әкімдіктерден ашықтықты талап ететін болады.

«Менің ойымша, Тоқаев президенттікке келсе Үкімет пен жергілікті әкімдіктерден елдің алдындағы ашықтықты, жауапкершілікті, қарапайымдылықты, нақты істерді талап етеді. Соңғы бір айда айтып жүрген сөздері мен көтеріп жүрген мәселелері сайлау алдындағы науқаншылдық емес, өзіне жауапкершілік алуда. Бұл болашақта осылай жалғасады деген сөз. Қазір халық Тоқаевқа үмітпен қарап отыр. Осы үмітті ақтау үшін бүгінгі ұстанымын әлі де кеңейту керек. Жаңа буынның өкілдері келу керек. Бүгінгі билікпен мақсаты бір болғанмен талабы өзгеше болу мүмкін. Мұны соңғы уақыттағы кадрлық тағайындаулардан да байқауға болады», - дейді Берік Әбдіғалиұлы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық