Бекшин оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы қалай өзгергенін айтты

9 Қыркүйек 2021, 11:17
6459
Бөлісу:
Бекшин оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы қалай өзгергенін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Оның айтуынша, коронавируспен ең көп ауырып жатқан әдеттегідей - жастар. Оған қоса жастардың көбі әлі вакцина салдырмаған.

Вирус жұқтырғандар арасында 20-30 жас аралығы – 30%, 60 жастан асқандар арасында да сырқаттану жоғары - 23%. Соңғы аптада оқушылар арасындағы аурушаңдық - 9%, қыркүйекке дейін бұл көрсеткіш 0,1%-ға жоғары болған. Сондықтан оқушылар мектепке барғалы аурушаңдық артты деуге негіз жоқ, - деді Бекшин. 
Сонымен қатар ол вирустың анықталуы тәулігіне 900-1000 аралығында екенін айтты. Бұл қуанарлық жағдай емес.
Жыл басынан бері қалада 137 мыңдай адамнан вирус анықталды, ал тамыз айында 50 мыңға жуық адам вирус жұқтырған. Қыркүйек айында 8900 жағдай тіркелді. Төртінші толқынның төмендеуі тамыздың 25-інен басталды. Осы аптада аурушаңдық деңгейі 900-1000 аралығында тіркеліп жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы