Бекенов: Вакцинаны эпидмаусым басталмай алу маңызды

11 Қыркүйек 2020, 16:24
1623
Бөлісу:
Бекенов: Вакцинаны эпидмаусым басталмай алу маңызды

Нұр-Сұлтан.BAQ.KZ тілшісі. Вакцинаны эпидемиологиялық маусым басталмай алу маңызды. Өйткені антидене қалыптасу үшін 2-3 апта кетеді. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов айтты.

Оның айтуынша, ЖРВИ мен жұқпалы инфекциялық аурулардың эпидиемиологиялық маусымы қазанда басталып, мамырға дейін жалғасады.

Жыл сайын күз айының басында еліміздің белгілі бір топтағы азаматтары тұмауға қарсы вакцинамен егіледі. Биыл да бұл үрдіс жалғасын табуда. Қазіргі уақытта оның маңызы артты. Өйткені ЖРВИ-дің өзі иммунитетті әлсіретеді. Ал алдағы эпидемиологиялық маусымда вирустың жаңа түріне шалдығу қауіпі жоғары. Жалпы елімізде гриптің үш түрінің штамы белгілі. Оларға қарсы антидене қалыптастыруға арналған вакциналар да жыл сайын алынып отырады, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда 500 мыңнан 1 миллионға дейін ЖРВИ-ге шалдыққан науқастар тіркеледі. Ауырған әрбір үш адамның екеуі 14 жасқа дейінгі балалар.

Сондай-ақ, Жұмабек Бекенов ЖРВИ мен коронавирустың клиникалық симптомдары ғана емес, таралуы да ұқсас болғандықтан гигиеналық шараларды қолдану екеуінің де алдын алуда маңызды екендігін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстандағы медициналық мекемелер коронавирустың кезекті толқыны болған жағдайда тұрғындарды бір мезетте 70 мың төсек-орынмен қамтамасыз етуге қауқарлы екені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы