Вирус өршіген жағдайда ауруханалар бір мезетте 70 мың адамды қабылдай алады

11 Қыркүйек 2020, 15:50
2573
Бөлісу:
Вирус өршіген жағдайда ауруханалар бір мезетте 70 мың адамды қабылдай алады

Нұр-Сұлтан.BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы медициналық мекемелер коронавирустың кезекті толқыны болған жағдайда тұрғындарды бір мезетте 70 мың төсек-орынмен қамтамасыз етуге қауқарлы. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті. 

Оның айтуынша, елімізде күзде болады деп күтілген қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Әр өңір бір мезетте 70 мың төсек-орын дайындаумен қатар, үш мың орындық жан сақтау бөлімі жасақталды.

Қазіргі уақытта елімізде 19066 инфекциялық төсек-орын бар. Оның қазіргі жүктемесі 15 пайызды құрап отыр. Инфекциялық және провизорлық орталықтарды 3379 өкпені жасанды желдету аппараты бар, қосымша 2619 аппарат сатып алынды. Бүгінгі таңда 21 566 төсек-орын оттегімен қамтылған. Қосымша 9319 орынды қамтамасыз ету жоспарда. Ол осы айдың аяғына дейін алынады, - деді Бағдат Қожахметов.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін жедел жәрдем қызметі Қазақстанда шығарылған 1167 көлікпен қамтамасыз етіледі, шалғайдағы ауылдар үшін 100 медициналық кешен сатып алынуда.

Өзгелердің жаңалығы