Bek Air компаниясын кім басқарады

30 Желтоқсан 2019, 12:19
7478
Бөлісу:
Bek Air компаниясын кім басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрлігі Bek Air әуе компаниясының басшылығына қатысты ақпарат таратты.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтеріне сәйкес  BEK AIR ЖШС-і 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы Жаркимбаев Сәкен Тоқпайұлы болған. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшы – Дамир Маратұлы Шүленбаевтың ауысуына байланысты қайта тіркеуден өтті, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

2013 жылдан бері компания басшылығы үш рет ауысқан.

Үш рет басшының ауысуы тіркелді: 2013 жылғы 29 тамыз – Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жылғы 18 шілде – Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы, 2019 жылғы 25 сәуір – Бияхметов Рустам Ілиясұлы, - деп хабарлады Әділет министрлігі.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Қызыл ту ауылында екіқабатты ғимаратқа соғылып апатқа ұшырады.

Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждың есімдері белгілі болды

Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетінін айтты

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Өзгелердің жаңалығы