Байқоңырда шектеу шаралары тағы ұзартылды

20 Қазан 2020, 14:40
1812
Бөлісу:
Байқоңырда шектеу шаралары тағы ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңырда карантин шаралары 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Байқоңыр кешенінің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің ұсынысына сәйкес, әкімшілік басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында шектеу шараларын 2020 жылдың 1 қарашасы сағат 24:00-ге дейін созу туралы шешім қабылдады. Қолданыстағы шектеу шаралары сақталады, - делінген қала әкімшілігінің ресми сайтында.

Жедел штаб қала тұрғындарын маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты және жеке гигиена мен санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы