Бас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 50-ге жуық сынып карантинге жабылды
24 Қыркүйек 2021, 17:59 584

Батыс Қазақстанда 50-ге жуық сынып карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады. 

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 306 жағдайы тіркелген.

Осы кезеңде 62 мұғалім ауырып қалды. Осыған байланысты облыстың 27 мектебінде 46 сынып екі апталық карантинге жабылды. Ал жылдың басынан бері 2519 бала ауырып қалды, - деп атап өтті Айдар Нұралиев.
Өңір басшысы орынбасарының айтуынша, аймақта екі инфекциялық стационар, аудандардың бірінде 20 төсектік стационар және облыс орталығында 300 орындық стационар жабылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда індетпен күреске 4,2 млрд теңге бөлінгендігі туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...