Бас жаңалықтар
"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша сапқа тұрды
07 Желтоқсан 2019, 12:37 6321

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша сапқа тұрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 оқу жылының басталуы қарсанында Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, тактикалық-саптық жаттығуларын бастап кетті.

Әскерлердің жауынгерлік даярлығы бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтары барысында өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді. Тактикалық-саптық сабақтар аясында бөлімшелердің рота тізбектерінің аймақтарына шығуы іске асырылды, жылжымалы басқару пунктері әзірленіп, аймақтық қорғаныспен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, стационарлық және жылжымалы басқару пунктерін орналастыру жүргізілді, сондай-ақ, радио жаттығулардың іс-қимылы пысықталды.

жау.JPG

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жаңа оқу жылына мұқият дайындалды. Жаңа оқу жылында Қорғаныс министрінің, құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының қойған нақты міндеттері бар. Негізгі бағыт – ірі ауқымды оқу-жаттығулар мен халықаралық әскери ойындарға дайындық, – деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

Әскери дайындық аптасы аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер мамандық бойынша даярлыққа кіріседі.

 


Видео: дереккөз
Загрузка...