Бас жаңалықтар
Баспана бағасының өсуі маусымда тұрақтанады, бірақ арзандамайды – Жұманғарин
21 Сәуiр 2021, 19:15 148

Баспана бағасының өсуі маусымда тұрақтанады, бірақ арзандамайды – Жұманғарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты. 

Зейнетақы қорындағы қаржының бөлігін пайдалану бойынша 2,4 трлн теңге бөлінді. Оның 45 пайызы жұмысқа енгізілді. Қордың талап ететіні үлескерлер бағдарламаларының талабына сәйкес келеді. Ол бойынша алдымен кепіл алу, екіншіден, банктен несие алу, үшіншіден, 70 пайызы дайын болған соң үйді сату қарастырылған. Алайда бағдарламада қордан кепіл алу ғана қарастырылған, - деді Жұманғарин.

Ол атағандай, құрылыс ұйымына 50 млрд теңге бөлінеді, одан көп берілмейді.

Мәселен, BI Group-тың 250 млрд-қа баспана салу мүмкіндігі болса, оған 50 млрд қана беріледі. Қалған 200 млрды далада қалып отыр. Бизнес әрқашан да өз жолын табады. Бірінші нарықтағы үйлер қалмаған соң, екінші нарықтағы үйлер бағасы артады. Біріншісінде 5 пайыз болса, екіншісінде 12,5 пайызды құрайды, - деді Агенттік төрағасы.

Ол атағандай, Индустрия министрлігі оның барлығын талқылады. Қазір олар ережелерге өзгерістер енгізіп жатыр. 

Біз нарыққа 11 хаттама жібердік. Мысалы, ШҚО-да баға төмендеді. Баға көтерілмеу үшін бірқатар бастаманы жүзеге асырдық. Маусым айында бағаны өсуді тұрақтандырамыз. Бірақ баға төмендемейді. Оны түсіну керек, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жұманғарин пандемияда сатып алынған барлық дәрі-дәрмектің бағасы реттелетінін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...