Бас санитар дәрігер үндеу жасады

21 Наурыз 2021, 00:22
1860
Бөлісу:
Бас санитар дәрігер үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасап, бірқатар кеңес берді.

Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны, өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55%-ын құрады. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, – деді Ерлан Қиясов.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шаралары қабылданды.

COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бүкіл әлемде байқалады, вирустың жаңа штаммдарының таралуымен байланысты коронавирустық инфекция ауруымен сырқаттанушылық тіркелуде. Әлемнің көптеген елдерінде карантиндік шаралар күшейтілуде.

Сондай-ақ бас сантиар алдағы мереке және демалыс күндері  карантин талптары сақтауға бірнеше кеңес берді.

● Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;

● халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;

● қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;

● жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;

● әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;

● шетелге барудан бас тарту.

Барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын және әрбір отбасына зор денсаулық, амандық тілеймін және барлығымыз бұрынғы өмірімізге қайта оралайық, – деді ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы