Бас жаңалықтар
Бас прокуратура 15 мың мұғалімге қосымша үстемақы төленбегенін анықтады
17 Сәуiр 2019, 10:28 3493

Бас прокуратура 15 мың мұғалімге қосымша үстемақы төленбегенін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады.

«Өз кезегінде көрсетілген жұмыс жағдайы үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға жалақыдан 40% мөлшерінде үстемеақы көзделген («Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкіметтің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысы, «Білім туралы» Заңның 52-бабының 4-тармағы)», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176,2 млн теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды.

Загрузка...