Бас жаңалықтар
Елордада қылмыстық топ банкоматты тонамақ болды
31 Мамыр 2019, 16:32 365

Елордада қылмыстық топ банкоматты тонамақ болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеу барысында қылмыскерлердің бұған дейін де дүкендердің бірінен төлем жасайтын терминалды ұрлағандары белгілі болды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Астананың 2 тұрғыны мен Ақмола облысының тұрғыны қала емханаларының бірінде тұрған банкоматтағы ақшаны ұрлауға әрекеттенген. Олар кеш батқан кезде мекемеге кіріп келіп, күзетшіні есінен тандырған, артынша банкоматты болгаркамен кеспек болған. Қаскөйлер арам пиғылдарын жүзеге асыра алмай із суытқан. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында  бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді құрықтаған. Олар 38, 34 және 29 жастағы ер адамдар болып шықты. Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткендіктері белгілі болды. 

"Аталған дерекке қатысты сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың елорда аумағында жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстарының бар жоғы тексеріліп жатыр. Осы азаматтардың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне: Бейбітшілік көшесі,19 мекенжайына немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-63-16 және "102" телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз", - делінген ПД-нің хабарламасында.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық