Балмұздақ кімдер үшін қауіпті

9 Маусым 2020, 12:17
2341
Бөлісу:
Балмұздақ кімдер үшін қауіпті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балмұздақ суық болғандықтан ғана емес, сонымен қатар қант мөлшері көп болғандықтан ағзаға зиян тигізеді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады. 

Бұл туралы терапевт маман Ольга Кашубина мәлімдеді. Оның айтуынша, дені сау адамдар үшін балмұздақ қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ. 

Алайда белігілі бір санаттары адамдардың балмұздақтан бас тартуына тура келеді. 

Балмұздақтағы қанттың мөлшерін бақылау керек. Күнделікті нормадан асып кетпегені жөн, - деді дәрігер. 

Сонымен қатар, бұл десерттен сүтке аллергиясы бар жандар бас тартады. Лактоза ферменті жетіспейтін адамдардар да абай болғаны жөн. Дәрігердің айтуынша, балмұздақтың салдарынан суық тию ықтималдығы өте аз. Алайда салқын десерт дыбыс шығару жүйесіне теріс әсер етеді, сондай-ақ дене температурасын күрт төмендетеді.



Өзгелердің жаңалығы