Баласы бар отбасыларды қолдау көлемі артты

25 Маусым 2020, 10:31
1906
Бөлісу:
Баласы бар отбасыларды қолдау көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға жалпы 581,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Министрі өз сөзінде мемлекет балалары бар отбасыларға республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақының 6 түріне кепілдік беретінін атап өтті.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыс істейтін әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдердің 2 түрін алады: жүктілік және босану және баланың 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша, - деді ол. 

Министр өткен жылғы төлемдердің көлемі туралы айтып берді.

Декреттік демалыстағы әйелдерге зейнетақы жарналары республикалық бюджеттен субсидияланады. 2019 жылы осы мақсаттарға 372 млрд теңге жұмсалды, оның ішінде 200 млрд теңге – жәрдемақы төлеуге, 167 млрд теңге – МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерге, 5 млрд теңге – зейнетақы жарналарын субсидиялауға жұмсалды, - деді ол. 

Нұрымбетов бұл мақсаттарға бағытталған төлемнің көлемі артқанын айтты. 

2020 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға жалпы 581,5 млрд теңге, оның ішінде жәрдемақы төлеуге – 389 млрд теңге, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерге – 186,5 млрд теңге, зейнетақы жарналарын субсидиялауға – 6 млрд теңге бағыттау жоспарланған, – деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы