Бас жаңалықтар
Баландин жүзуден Қазақстан чемпионы атанды
29 Қараша 2020, 03:43 167

Баландин жүзуден Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде өтіп жатқан жүзуден Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы бәсеке басталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жамбыл облысының өкілі Нұрдәулет Жұмағали алса, үшінші орынға ақтөбелік Константин Корольков орналасты.

Айта кетейік, 2016 жылы Баландин дәл осындай 200 метр қашықтықта Рио Олимпиадасында алтын алған болатын.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...