Қарқаралылық түлектер балаларға ойын алаңын сыйлады

8 Маусым 2019, 10:21
2266
Бөлісу:
Қарқаралылық түлектер балаларға ойын алаңын сыйлады

Қарағанды, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Ақжол ауылынан түлеп ұшқан жастар бірігіп, балаларға ойын алаңын тарту етті. 

Сауапты істен қалаға көшіп кеткен азаматтардың ешқайсысы да қалыс қалмапты. Биыл бұл елді мекенде жастар жылына орай бірқатар игі істер атқарылып жатыр. 

"Ақжол ауылында Кеңес одағының батырлары Мартбек Мамыраев, Петр Теряев, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, еңбек ері Нұрбақыт Қабдыкәрімова, әйгілі өнер иелері Қалибек Қуанышбаев, Рақия Қойшыбаевалар дүниеге келген. Осындай танымал тұлғалар шыққан ауылдың атына сай болу, әрі қарай гүлдендіру міндетіміз", - дейді жастар. 

Әр жылы мектеп бітірген жастар асарлатып мешітке көмек беріп, ауыл ішін абаттандыруға кіріскен. Алдағы уақытта мұнда жастар көңіл көтеретін алаң салынбақ.

"Барлығымыз жиналып, биыл, «Жастар жылында» балалар алаңын аштық. Әлі алға қойған мақсаттарымыз бар. Ақжол деген кіреберіске арка қойғымыз келеді. «Жастар алаңын» ашамыз деп отырмыз. Биылғы жылдың жоспарында бар барлығы" - дейді ауыл тұрғыны Ринат Шаймұхаметов.

Өзгелердің жаңалығы