Нұр-Сұлтанда балабақшаға жолдама беру қалай жүргізілуде?

10 Шілде 2019, 20:07
2368
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда балабақшаға жолдама беру қалай жүргізілуде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова астанадағы балабақшаларға қалай жинақтау жұмыстарының жүргізілгендігі туралы хабарлады. Бұл туралы ол телеграм әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Қала күннен күнге өсіп келеді, сол себепті балабақша кезегі де ұлғаюда. Елордамыздың өркендеуіне, сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың құрылысын сала отырып, мектепке дейінгі саланың дамуына, қалалық әкімдіктің де қосқан үлесі аз емес. 

«Бастапқы жинақтау кезінде 10 мың жолдама берілді. 10 маусым күні жүйе хакерлiк шабуылға ұшырауына байланысты істен шықты. Ары қарай екі апта бойы күнделікті  қызметті жақсарту, оңтайландыру, боттардан виртуалды қорғауды енгізу, байланыс арнасын кеңейту, сервер сыйымдылығын арттыру, сынақ жүктемесін ұлғайту, ең оңтайлы іске қосу операцияларын анықтау және жүйенің қалыпты жұмыс жасауына барлық күш жұмсалды», - деп жазды қала әкімінің орынбасары.

Оның сөзінше, оған қосымша параллелді түрде күнделікті жаңа және ескі Оқушылар сарайларында ата- аналарға кеңес беру, 21 түрлі чаттарда, мессенджерлерде, БАҚ арқылы жолдаманы электрондық жүйе арқылы қалай алуға болатындығы туралы ақпарат тарату жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп отырды. 

Бұл процесте көптеген қобалжулар, эмоциялар, жолдама алған ата- аналардың қуаныштары, жолдама ала алмағандардың өкпе наздары байқалды. Біреулерде жеке кабинетінде қате көрсетсе, біреулерде ашылмай қалып отырды, ал біреулер бұл этапты жеңіл өтіп отырды. Осы салаға қатысты барлық қызметкерлер, осы мәселені шешу мақсатында тәулік бойы жұмыс атқарды, әрбір жасақтау күніне анализ жасап, кеткен қателерді жөндеп, әрқайсыңыздың қойған сұрақтарыңызға жеке тоқталып жауап беріп отырды. Еліміздегі ең мықты киберқорғаушылар тартылды. 

«Сіздермен бірге жасақтау болатын күні таңғы сағат 06.59 дан бастап жүйе тосқауылсыз жұмыс жасаса да, жүктеме өскен сайын, демімізді ішке тартып, қажеттіліктен орынның аздығын байқап қобалжыдық. Жолдаманы қағаз түрінен электрондық жүйе арқылы алудың өзіндік қиындықтары мен күрделілігі бар. Дегенмен де бұрынғы кезде балабақшаға орын алудың өзінді қиындығын, атап айтқанда акимат , мектеп алдында таңғы 3-тен кезекке тұру, өзіңізбен қоса бүкіл құжаттарыңызды алып жүру; бұндай кезекте адамдар ашуланып, бір - бірімен ұрысып, тіптен төбелесу жағдайлары да болып тұрған! Ал қазір ше, Сіз өзіңіздің смартфоныңызбен, үйден  қарыс қадам шықпай ақ, құжаттарыңызды, жеңілдік  статусыңызды тіркей аласыз, жолдаманы үйде отырып ақ ала аласыз!», - деді Малика Бектұрова. 

Сөзін қорыта келе, ол осы қиын да қыстау жасақтау кезеңінде өз көзқарастарын ашық түрде жариялап,бізге қажетті сын пікірін білдіріп, түсіністікпен қараған, бізбен бірге болған барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдірді. Сонымен қатар көптеген ұсыныстардың түсуіне байланысты, нормативтік заңдылыққа өзгеріс енгізуге БжҒМ не ұсыныс тастауға ең белсенді деген ата- аналардан жұмыс тобын жасақталған.   

Мысалы, қазіргі таңда бір отбасыдағы егіз балаға бір жерден жолдама алу қиындық туғызуда. Себебі, бір балаға орын алғаныңызбен, екіншісіне де сол балабақшадан орын алуыңыз неғайбыл. Немесе, заңды түрде басқа балабақшамен орын ауыстыру мәселесі. Қазір ереже бұндай орын алмасу факторын қарастырып отырған жоқ, сондықтан да ата - аналар өз күштерімен ауысу процесін чаттар құру арқылы жасауға, тіптен кейде ақшаға да келісіп жасауға мәжбүр. 

Жуырда бірінші жұмыс тобының талқылауы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы