Балабақшада теракт жасамақ болған күдікті ұсталды

3 Сәуір 2019, 17:50
2424
Бөлісу:
Балабақшада теракт жасамақ болған күдікті ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Франция құқық қорғау органдары балабақшада теракт жасамақ болған ер адамды ұстады. Бұл туралы BFMTV телеарнасы хабарлады.

30 жастағы ер адам 25 наурыз күні ұсталған. Төрт күн өткенде оған лаңкестік қылмыс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылған, қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Франция ішкі қауіпсіздік бас басқармасы (DGSI) тергеушілерінің мәліметінше, арнайы қызмет өкілдеріне ер адамның балабақшада теракт жасауды жоспарлап жүргені белгілі болған. Тергеушілер оны қару-жарақ алмақ болған кезде ұстаған.

Тергеу амалдары кезінде күдікті қылмыстық ниетінің болғанын мойындаған. Ол балабақшаға кіріп балаларды кепілдікке алып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін өлтіргісі келгенін айтқан.

Телеарнаның мәліметінше, күдіктінің үйін тексеру кезінде компьютер мен телефонынан жихатқа үндейтін ешқандай мағлұмат табылмаған. Полиция бұл жайтты жихаттан гөрі психикалық ауытқушылықпен байланыстырып отыр.
Өзгелердің жаңалығы