Бәйменов карантин кезінде арнайы 3 таңбалы нөмірлі жедел қызмет енгізуді ұсынды

6 Сәуір 2020, 18:29
1499
Бөлісу:
Бәйменов карантин кезінде арнайы 3 таңбалы нөмірлі жедел қызмет енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов карантин кезінде Әзірбайжан мемлекетінің тәжірибесімен бөлісті.

Жаңа ғана Әзірбайжан мемлекеттік қызмет басшыларымен сөйлестім. Оларда карантин кезінде арнайы 3 таңбалы нөмірлі жедел қызмет енгізіпті. Заңнамада рұқсат етілген, немесе төтенше жағдаймен  үйден шығу керек болса, сол номерге СМС жіберіп, рұқсат алады екен. Ыңғайлы дейді. Бір-біріміздің тәжірибемізді пайдаланған бәрімізге тиімді, - деп жазды Бәйменов фейсбуктағы парақшасында.

Айта кетейік, Әзірбайжан елі коронавирус індетіне байланысты 24 наурыздан 20 сәуірге дейін карантин режимін енгізген. Соңғы мәліметтерге сәйкес елде 600-ге жуық адам осы вирусты жұқтырған, 5 адам қайтыс болған.
Өзгелердің жаңалығы