БҚО-да киіктің 434 мүйізін ұрлағандар ұсталды

22 Мамыр 2020, 08:10
1586
Бөлісу:
БҚО-да киіктің 434 мүйізін ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында киіктің 434 мүйізін ұрлаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2020 жылғы 18 мамырда ІІМ қызметкерлері арнайы шұғыл-іздеу операциясы кезінде БҚО төрт тұрғынын ұстады. Олар киік аулап, оларды мүйізін ұрлағаны үшін ұсталды, - делінген хабарламада.

Киіктің 434 мүйізі, Nissan маркалы автокөлік, ресейлік нөмірмен жүрген Нива Chevrolet көлігі, мотоцикл, 5 дана қару, түрлі калибрдің 293 патроны, радиостанциялар, GPS-навигатор, 7 мобильді телефон, 2 планшет, ара мен пышақтар тәркіленген.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзгелердің жаңалығы