Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді

28 Қазан 2019, 08:10
2460
Бөлісу:
Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында 109 елдің спортшылары бақ сынаған VІІ Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан құрамасы 12-орынды иеленді. 

АОСК баспасөз қызметінен хабарлағандай, VІІ Бүкіләлемдік әскери ойындарының биылғы ұйымдастыру комитетінің президенті, ҚХР Орталық әскери комиссияның вице-төрағасы Сюй Цилян Уханьда өткен ойынды жабық деп жариялады.

XxjpseE030397_20191027_MTPFN0A001.jpg

"Бұл жарыс әскерилердің кәсіби шеберлігін, нағыз рухты дәріптеді. Бұл ойындар ғажап әрі жаңа белес болды. Спортшылардың Қытай тарихында айрықша із қалдырғанына сенімдімін", - деді ол.

Ухань ойындары CISM тарихындағы ең ірі жарыстың бірі болды. Жарыс "достықты нығайту" ұранымен өтті. Жалпы жарысқа 109 елдің 9308 әскериі қатысты. Оның 67-сі – олимпиада және әлем чемпионы. Олар бұл жолғы ойындарда 27 спорт түрі бойынша 329 рекордты жарыс өткізіп, 7 әлемдік рекордты жаңартқан.

XxjpseE030452_20191027_MTPFN0A001.jpg

Ойын қорытындысына сәйкес, Қазақстан Қарулы күштері жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтады.

Айта кетсек, Қазақстан қоржынында 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар.


Өзгелердің жаңалығы