Бүгін кей аймақта жел күшейеді

14 Қаңтар 2019, 08:15
1827
Бөлісу:
Бүгін кей аймақта жел күшейеді

Астана, baq.kz. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман түседі, жел күшейеді.

Ақмола облысында жел, түнде республиканың басым бөлігінде, күндіз кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерде жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысының кей жерінде тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 17-22 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

 

Өзгелердің жаңалығы