Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

13 Тамыз 2019, 08:07
1611
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 13 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жеррде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл, кей жерлерде желдің күші 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі.

Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды ​​облысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, кей жерде Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Қызылорда, кей жерде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы