Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

9 Шілде 2020, 08:18
1351
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 9 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Ауа ағынының әсерінен 9 шілдеде Қазақстанның шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал ел аумағының қалған бөлігінде – жауын-шашынсыз. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз оңтүстігінде, Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде Алматы, Қарағанды, облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы