Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

19 Қаңтар 2019, 10:15
3229
Бөлісу:
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары сенбі, 19 қаңтар күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің 5 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп болжайды.

Атап айтқанда, метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Астана, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.   Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы