Азиядағы ең сымбатты жігіт – Димаш Құдайберген

1 Қазан 2021, 13:15
2259
Бөлісу:
Азиядағы ең сымбатты жігіт – Димаш Құдайберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең әдемі жігіт деп танылды.

Кingchoice.me сайтында өткен «Азияның ең тартымды 100 адамы - 2021» (Тhe 100 most attractive Asian celebs - 2021) бойынша онлайн дауыс беру 30 қыркүйекте аяқталған болатын. Димаш Құдайберген 9,3 млн-нан астам дауыс жинап, бірінші орынға ие болды.

Димаш Құдайберген Оңтүстік Кореяның Ким Сокджин (BTS тобының солисі, екінші орын - 8,1 млн-нан астам дауыс) және Чха Юн У (Бойсбенд Astro қатысушысы, үшінші орын - 1,9 млн астам дауыс) сияқты танымал әншілерді басып озды.

Өзгелердің жаңалығы