Бас жаңалықтар
Әзербайжан Арменияға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді ұсынды
21 Маусым 2021, 20:33 569

Әзербайжан Арменияға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді ұсынды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Әзербайжан Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін ұсыныс жасады. Бұл туралы Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов айтты деп хабарлайды Lenta.ru.

Ол мемлекеттің бұл ұстанымын «өзгеріссіз» деп атап, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бұл туралы бірнеше рет мәлімдегенін баса айтты. Байрамов, сондай-ақ, Баку саяси жағдайға ешқандай балама көріп отырмағанын жеткізді. 

Әзербайжан халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына, аумақтық тұтастыққа, егемендікке және халықаралық деңгейде мойындалған шекаралардың мызғымастығына сүйене отырып, Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің жақтаушысы болады және осы бағытта ұсыныс жасайды, - деді Джейхун Байрамов.

Бұған дейін Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Арменияны Таулы Қарабақтағы екіжақты жанжалды реттеуге қатысқысы келмейді деп айыптаған. Министрлік республиканың позициясы аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға кедергі келтіретіні туралы айтқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...