Азаматтарды қабылдау күнінде Алматы облысының тұрғындары ең көп белсенділік танытты

22 Қараша 2019, 20:27
3662
Бөлісу:
Азаматтарды қабылдау күнінде Алматы облысының тұрғындары ең көп белсенділік танытты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізудің алдын ала қорытындылары жарияланды.

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республикалық және аймақтық БАҚ-та алдын ала жарияланған жалпыреспубликалық іс-шара форматында өтті.

Азаматтарды қабылдауды орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ 47 қала, 179 аудан және 2 771 ауылдық округ әкімдері жүзеге асырды.

Республика бойынша биліктің қабылдау органдарына барлығы 12,6 мың адам жүгінген, оның ішінде 12,4 мыңы – жергілікті атқарушы органдар деңгейінде, 172 адам – орталық мемлекеттік органдар деңгейінде және 50 адам – ҚР президенті Әкімшілігінің қабылдау бөлмесіне жүгінген.

Қай аймақ тұрғындары белсенділік танытты?

Аймақтар арасында Алматы облысының тұрғындары ең көп белсенділік танытты – 1683 адам, Ақмола облысында – 1205 және Қостанай облысында – 1042 адам.

Ал белсенділік жағынан төмен көрсеткішті Шымкент қаласының тұрғындары көрсетті – 128 адам, Алматыда – 309, сондай-ақ Қарағанды облысында – 354 адам.

Орталық мемлекеттік органдар арасында Ішкі істер министрлігіне азаматтар сұрақтарымен ең көп келген – 101 адам, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне – 60 адам, ал Денсаулық сақтау министрлігіне 30 адам жүгінген.

Қазақстандықтарды ең көп қызықтыратын мәселелер

Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде халық көтерген мәселелердің сипатын талдау азаматтардың барлық өтініштерінің 70%-ы коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен және жер қатынастарымен қамтамасыз ету проблемаларымен байланысты екенін көрсетеді.

Орталық мемлекеттік органдардың мәселелері бейінді құзыреттілікке сәйкес келді.

Әлеуметтік мәселелер ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтініштердің басым бөлігі қарыз жүктемесінің және АӘК-тің төмендеуімен байланысты – 22 адам, көпбалалы аналар мәселелерімен – 10 адам, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мәселелерімен – 16 адам.

Жалпы іс-шара республикалық және өңірлік БАҚ-тардың барлық түрінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кеңінен жария етілді.

БАҚ-тың қызығушылығын тудырған сұрақтардың ішінде 92 жыл бойы төлқұжатсыз өмір сүрген азаматты, әлеуметтік қолдаусыз қалған СІМ-нің бұрынғы қызметкерлерінің өтінішін, алимент төлеу мәселелерін және т.б. атап өтуге болады.

Өзгелердің жаңалығы