Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингідегі орындарын сақтап қалды

16 Желтоқсан 2019, 16:32
1608
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингідегі орындарын сақтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мен Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Әйелдер арасында алғашқы үштікке аустралиялық Эшли Барти, чехиялық Каролина Плишкова және жапониялық Наоми Осака жайғасты.

Қазақстандық Юлия Путинцева 34-орнын сақтап қалса, Елена Рыбакина — 36-орын, Зарина Дияс 77-орыннан көрінді. Жұптық разрядта Галина Воскобоева 47-орнын сақтап қалса, Анна Данилина бір саты көтеріліп 123-орынға тұрақтады. 

Ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Рафаэль Надаль атанды. Екінші орында – сербиялық Новак Джокович, үшінші — швейцариялық Роджер Федерер.

ТОП-100 теннисші қатарына кірген қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Михаил Кукушкин 56-шы және 67-орындарын сақтап қалды. Дмитрий Попко бір саты көтеріліп, 186-орынға жайғасты. Жұптық разрядтта Кукушкин 140-орында қалса, Андрей Голубев бір саты төмендеп 168-орыннан көрінді. Ал Александр Недовесов — 199-орында.
Өзгелердің жаңалығы