Қазақстандықтарды қажылыққа 18 турфирма апарады

11 Маусым 2019, 21:28
3215
Бөлісу:
Қазақстандықтарды қажылыққа 18 турфирма апарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қажылық компанияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстандықтарды қасиетті қажылық сапарына 18 турфирма апаратын болады.

«Қажылықты ұйымдастыру – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Елден қасиетті мекенге аттанған әрбір қажы – бізге аманат. Қажыларға қызмет көрсететін Қажылық Миссиясы да қажылық фирмалары да осыны үнемі жадында ұстауы керек. Қажылықты ұйымдастыруға қойылатын талаптар да жылдан жылға күшейіп келеді, сапасы да жетіле түсті»,  - деді бас мүфти.

Кездесу барысында қажылықпен айналысуға қабілетті деп танылған туристік фирмалардың «Қажылық-2019 маусымына дайындығы да пысықталды. Атап айтқанда, биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру барысында қажылыққа аттанатын әрбір азаматпен типтік келісім-шарт жасалу, қажыларға менингокок инфекциясына қарсы екпе салуды қамтамасыз ету, қажыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен ұсынылған пакет құнына (бағасына) сай болу, қажылықпен айналысатын қажылық компанияларының жеке сайтының болуы. Ол сайтта ұсынылған пакеттердің айырмашылығы, бару-қайту мерзімі, қонақүйлердің жай-күйі сынды т.б. қажыларға керекті барлық мағлұматтардың көрсетілу қажеттігі баса айтылып, тиісті нұсқаулықтар берілді.

Өзгелердің жаңалығы