Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын нокдаунға түсірді

17 Қараша 2019, 11:25
6760
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын нокдаунға түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия жастар чемпионатының финалына шықты. Ол өзбекстандық әлем чемпионын нокдаунға түсірді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Турнирдің жартылай финалында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан биыл Бангкокта өткен (Таиланд) ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездескен болатын. 

Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, төрешілердің шешімімен жекпе-жекте жеңіске жетті.

2019 жылғы Азия жастар чемпионатының финалында Сабырхан Таиланд өкілі Суравут Суктетпен жұдырықтасады.
Өзгелердің жаңалығы