Қазақстанда жол сапасы жақсарып келеді

19 Қазан 2019, 15:09
15340
Бөлісу:
Қазақстанда жол сапасы жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. The Global Competitiveness Report 2019 есебінде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының зерттеуіне сүйенсек, Қазақстан жол инфрақұрылымының сапасы көрсеткіш бойынша 93-орынға ие.

ҚР ИИДМ ақпаратына сүйенсек, өткен жылы осы рейтингте еліміз 13 позицияға төмен болатын. Дәлірек айтқанда, жоғарыда аталған көрсеткіш бойынша қазақстандық жолдар 106-орынды иеленген-ді.

Мұнымен қоса, Қазақстан жол желілерінің сапа көрсеткіші бойынша да өз позициясын 3 сатыға жоғарылатып, рейтингтегі 56-орынға жайғасты. Өткен жылы бұл көрсеткіш бойынша еліміз 59-орында еді.

Еске салайық, құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен 2019 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 4,4 мың шақырымы қамтамасыз етілді. Барлық нысандардағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті облыстық әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті жолдардың желісін дамыту бойынша да ауқымды жұмыстарды атқаруда. Осы ретте ағымдағы жылы жолдардың 4 мыңнан астам шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

Айта кету керек, 2019 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде Қазақстан 55-орынды еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы